Сообщения

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы- РЕФЕРАТ

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық р ө лі анықталды. Таратып айтсақ… Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3

8 сынып физикадан олимпиада есептері

Маған физикадан 4 есеп келді. 4 есепке 3 сағат беріледі. 1-есеп. Дене биіктіктен құлай бастады. Белгілі бір уақыт өткенде ол h1=1100м биіктікте болды. Тағы t=10 с өткен кезде ол h2=120 м биіктікте болды. g=9.80 м/с. Барлық h биіктікті тап. 2-есеп. Бір ыдысқа температурасы 40*(градус) 1 саптыаяқ су құйылды, ал екінші бір ыдысқа температурасы 30* 4 саптыаяқ су құйылды. Екі ыдыстағы суды араластырғандағы температурасын анықтаңыз. 3-есеп. Цилиндр пішіндегі дене, өзінің көлемінің 80%-ымен суға батырыла отырып, вертикаль күйде суда жүзді. Егер денені толығымен батып тұратындай етіп, бензин қабаты құйылатын болса, онда дененің қандай бөлігі суға батырылады? ро(су)=1000 кг/м3, ро(бензин)=700 кг/м3 4-есеп. Кастрюлге температурасы t0=10* су құйып? плитаға қойған. Егер t=10 минуттан кейін су қайнаса, ол қанша уақытта толығымен буға айналады? r=2.26x10-ның 6 дәрежесі. c=4.18x10-ның 3 дәрежесі. Мен бұл есептердің жауабын анық білмеймін. Сіздерге көмек болсын деп жазып жібердім. Сәттілік т

Мақтаарал ауданының ішкі саясаты

    Ауданымызда 56 діни бірлестік бар. Оның 45-і - исламдық діндер, 8-і  - провославиялық, 2-еуі - протестандық діни бірлестіктер.     Мақтаарал ауданында тәжік, әзірбайжан, кәріс, өзбек мәдени орталықтары бар.     Ауданда 9 мерзімді басылымдар: "Мақтаарал", "Нарық әлемі", "Жетісай жаңалықтары", "Жетісай ақшамы", "Ислами насихат", "Жетісай жарнамасы", "Орта Азия", "Өркен", "Жеті сыр" бар.    15 үкіметтік емес ұйымдар: Мақтаарал аудандақ "Чернобыль ардагерлерінің кеңесі" ҚБ, "Азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау", "Мейірімді жүрек", ОҚО жүрек тамыр қоғамы, "ҚБ Мақтаарал филиалы", "Мақтаарал полиция ардагерлер ұйымы", "Ана жүрегі" қоғамдық бірлестігі, "Атақоныс" оралмандарды қолдау ұйымы, "Аудандық ардагерлер кеңесі", "Қалалық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігі ауданның қоғамдық өміріне белсе

Мақтаарал ауданындағы шағын кәсіпкерлік

    Ауданда шағын және орта бизнес жақсы жолға қойылған. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар саны 18000-ға жетті. Шағын бизнес саласында 74000-дай адам жұмыспен қамтылған. Еліміз нарықтың экономикаға көшкеннен кейін, біздің арамыздан да алғыр да іскер қабілетті қарымды кәсіпкерлер шықты. Олардың арасында Сырдария университетінің директоры Оңалбай Аяшевті, бұл күнде қайтыс болып кеткен Күлпаршын апаны, оның ұлы Қапаш Серікбаевты, сондай-ақ әлі де арамызда тәуелсіз еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Д. Жұмаділдаев, Қ. Кәрімов, К. Мырзаханов, А. Ақмараев сынды тағы басқа мырза жігіттердің есімдерін мақтанышпен айтамыз.      Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 2970,0 миллион теңге болды. Бюджетке жалпы 115,9 миллион теңге салықтық төлемдер құйылды. Қазан айында "Даму", "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ОҚ филиалы өкілдері аудан кәсіпкерлеріне "Бизнес кеңесшісі" атты семинар тренингтер өткізіліп 30 кәсіпкерге сертификат берілді.    Ауданда сауда н

ОҚО-ның мақта шаруашылығы тарихы, мұражайы

     Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығы  тарихы мұражайы 1944 жылы құрылған. 1944 жылы, «Пахтаарал» (қазіргі Мақтаарал ауданы) совхозының құрылғанының 20 жылдығына арнап ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылады. Осы көрмеден кейін кеңшар қаулысы бойынша шаруашылықтың егіншілік саласындағы қол жеткізген табыстарын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында мұражай құру жайында шешім қабылданды. 1973 жылы Қазақстан КП Пахтаарал аудандық комитетінің қаулысымен мұражайға келушілер үшін салтанатты түрде ашылу салтанаты өтті. 1971-1979 жылдары  мұражай қоғамдық негізде жұмыс істеді. Қазақ КСР мәдениет министрлігінің комегия 1979 жылы 31 қазандағы №102 қаулысына сәйкес мұражайға, халықтық мұражай деген атақ берілді. 2002 жылдан бастап Мақтаарал ауданының мақта шаруашылығы  тарихы мұражайы мемлекеттік мекемесі деп аталды. 2005 жылы облыстық бюджеттен қаржыландыру басталды. 

Мырзашөлді гүлдендірген ерен ерлер

      «Бір кезде тың адамдарды көтерді, адамдар тыңды көтерді» деген қанатты теңеу шыққан. Бұл сөз мазмұнының бізге де қатысы бар. Өйткені, арғы апаларымыз Мырзашөлді игерсе, соған белсене қатысса, сүйікті туған жер оларды да үлкен құрметке, биік абыройға бөледі. Мысалы: 1957 жылы сол кездегі Ильич ауданының 16 еңбек озатына бірден социалистік еңбек ері деген құрметті атақ берілді. Мұндай таңғажайып оқиға кешегі кең байтақ одақтың көлемінде болмаған ерліктің, қайсарлық пен қаһармандықтың құтты мекені деуге әбден болады. Мырзашөл тыңын игеру ешкімге оңай болмағаны рас. Алып дала төсіндегі күре тамырдай болған бұрынғы Мырзашөл қазіргі Достық каналын қазу қандай қиын болған. Осы өңірде маңдай терін төккен 35 жерлесімізге ең жоғары награда социалистік еңбек ері атағы берілді. 33 адам депутат  болды. Ш. Ділдәбеков пен М. Кемел республика көлеміндегі депутаттығына 3 рет сайланды.        Канал ата-апаларымыздың маңдай терімен, жүрек қанымен қазылғандықтан бізге аса қадірлі, қымбат. Осы да

Мақтаарал ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында

Изображение
       Ұлы отан соғысына әлемнің 80 % -ға жуығы қатысты. Ұлы отан соғысына Мақтаарал ауданынан 12000-нан астам адам аттанды. Оңтүстік Қазақстан облысынан Ұлы отан соғысына аттанған адам саны 140000-нан астам болды. Аудан бойынша қайтып оралғандар саны 3932 адам. Ауданымызда 11 адамға Кеңес одағының батыры атағын берді. Оңтүстік Қазақстанда болса 51 адамға Кеңес одағының батыры атағы берілді. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 500-ге жуығы тірі. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 25463 тыл ардагерлерінің көзі тірі. II дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет қатысты. II дүниежүзілік соғыста 110 миллиондай адам қолына қару алды. Сұрапыл соғыста отқа оранған мемлекеттер саны 40. II дүниежүзілік соғыс 1418 түн мен күнге созылды. Жалпы соғысқа 32000 тонна ет, 800000 литр сүт, 705 тонна жүн, 7000000-ға жуық әскерді киіндіруге мата жіберілді.