Сообщения

Сообщения за сентябрь, 2017

Мақтаарал ауданының ішкі саясаты

    Ауданымызда 56 діни бірлестік бар. Оның 45-і - исламдық діндер, 8-і  - провославиялық, 2-еуі - протестандық діни бірлестіктер.     Мақтаарал ауданында тәжік, әзірбайжан, кәріс, өзбек мәдени орталықтары бар.     Ауданда 9 мерзімді басылымдар: "Мақтаарал", "Нарық әлемі", "Жетісай жаңалықтары", "Жетісай ақшамы", "Ислами насихат", "Жетісай жарнамасы", "Орта Азия", "Өркен", "Жеті сыр" бар.    15 үкіметтік емес ұйымдар: Мақтаарал аудандақ "Чернобыль ардагерлерінің кеңесі" ҚБ, "Азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау", "Мейірімді жүрек", ОҚО жүрек тамыр қоғамы, "ҚБ Мақтаарал филиалы", "Мақтаарал полиция ардагерлер ұйымы", "Ана жүрегі" қоғамдық бірлестігі, "Атақоныс" оралмандарды қолдау ұйымы, "Аудандық ардагерлер кеңесі", "Қалалық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігі ауданның қоғамдық өміріне белсе

Мақтаарал ауданындағы шағын кәсіпкерлік

    Ауданда шағын және орта бизнес жақсы жолға қойылған. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар саны 18000-ға жетті. Шағын бизнес саласында 74000-дай адам жұмыспен қамтылған. Еліміз нарықтың экономикаға көшкеннен кейін, біздің арамыздан да алғыр да іскер қабілетті қарымды кәсіпкерлер шықты. Олардың арасында Сырдария университетінің директоры Оңалбай Аяшевті, бұл күнде қайтыс болып кеткен Күлпаршын апаны, оның ұлы Қапаш Серікбаевты, сондай-ақ әлі де арамызда тәуелсіз еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Д. Жұмаділдаев, Қ. Кәрімов, К. Мырзаханов, А. Ақмараев сынды тағы басқа мырза жігіттердің есімдерін мақтанышпен айтамыз.      Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 2970,0 миллион теңге болды. Бюджетке жалпы 115,9 миллион теңге салықтық төлемдер құйылды. Қазан айында "Даму", "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ОҚ филиалы өкілдері аудан кәсіпкерлеріне "Бизнес кеңесшісі" атты семинар тренингтер өткізіліп 30 кәсіпкерге сертификат берілді.    Ауданда сауда н

ОҚО-ның мақта шаруашылығы тарихы, мұражайы

     Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығы  тарихы мұражайы 1944 жылы құрылған. 1944 жылы, «Пахтаарал» (қазіргі Мақтаарал ауданы) совхозының құрылғанының 20 жылдығына арнап ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылады. Осы көрмеден кейін кеңшар қаулысы бойынша шаруашылықтың егіншілік саласындағы қол жеткізген табыстарын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында мұражай құру жайында шешім қабылданды. 1973 жылы Қазақстан КП Пахтаарал аудандық комитетінің қаулысымен мұражайға келушілер үшін салтанатты түрде ашылу салтанаты өтті. 1971-1979 жылдары  мұражай қоғамдық негізде жұмыс істеді. Қазақ КСР мәдениет министрлігінің комегия 1979 жылы 31 қазандағы №102 қаулысына сәйкес мұражайға, халықтық мұражай деген атақ берілді. 2002 жылдан бастап Мақтаарал ауданының мақта шаруашылығы  тарихы мұражайы мемлекеттік мекемесі деп аталды. 2005 жылы облыстық бюджеттен қаржыландыру басталды. 

Мырзашөлді гүлдендірген ерен ерлер

      «Бір кезде тың адамдарды көтерді, адамдар тыңды көтерді» деген қанатты теңеу шыққан. Бұл сөз мазмұнының бізге де қатысы бар. Өйткені, арғы апаларымыз Мырзашөлді игерсе, соған белсене қатысса, сүйікті туған жер оларды да үлкен құрметке, биік абыройға бөледі. Мысалы: 1957 жылы сол кездегі Ильич ауданының 16 еңбек озатына бірден социалистік еңбек ері деген құрметті атақ берілді. Мұндай таңғажайып оқиға кешегі кең байтақ одақтың көлемінде болмаған ерліктің, қайсарлық пен қаһармандықтың құтты мекені деуге әбден болады. Мырзашөл тыңын игеру ешкімге оңай болмағаны рас. Алып дала төсіндегі күре тамырдай болған бұрынғы Мырзашөл қазіргі Достық каналын қазу қандай қиын болған. Осы өңірде маңдай терін төккен 35 жерлесімізге ең жоғары награда социалистік еңбек ері атағы берілді. 33 адам депутат  болды. Ш. Ділдәбеков пен М. Кемел республика көлеміндегі депутаттығына 3 рет сайланды.        Канал ата-апаларымыздың маңдай терімен, жүрек қанымен қазылғандықтан бізге аса қадірлі, қымбат. Осы да

Мақтаарал ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында

Изображение
       Ұлы отан соғысына әлемнің 80 % -ға жуығы қатысты. Ұлы отан соғысына Мақтаарал ауданынан 12000-нан астам адам аттанды. Оңтүстік Қазақстан облысынан Ұлы отан соғысына аттанған адам саны 140000-нан астам болды. Аудан бойынша қайтып оралғандар саны 3932 адам. Ауданымызда 11 адамға Кеңес одағының батыры атағын берді. Оңтүстік Қазақстанда болса 51 адамға Кеңес одағының батыры атағы берілді. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 500-ге жуығы тірі. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 25463 тыл ардагерлерінің көзі тірі. II дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет қатысты. II дүниежүзілік соғыста 110 миллиондай адам қолына қару алды. Сұрапыл соғыста отқа оранған мемлекеттер саны 40. II дүниежүзілік соғыс 1418 түн мен күнге созылды. Жалпы соғысқа 32000 тонна ет, 800000 литр сүт, 705 тонна жүн, 7000000-ға жуық әскерді киіндіруге мата жіберілді.

Алғашқы шаруашылықтар

Изображение
      Түркістан Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен 1921 жылы Мырзашөл суландыру жүйесін пайдалану жөніндегі арнайы басқарма құрылды. Жағдай өте ауыр болып, адамдар арасында түрлі аурулар таралып, ахуалды одан әрі қиындатты. Мемлекетте жүргізілген жаңа экономикалық саясатқа байланысты 1922 жылы Мырзашөл өңірінде игеріліп жатқан жаңа жерлерді жалға алуға рұқсат етілді. Жерді жалға алу мемлекеттік-кооперативтік және жеке меншік болып бөлінді.      Отызыншы жылдар ауылдарда колхоздардың күрт өсуімен сипатталады. Иіржар (Мақтаарал) ауданындағы К-38 су реттегіші төңірегінде ауылшаруашылығы және суармалы жерлердің игерілуі нәтижесінде 1929 жылға дейін 14 колхоз құрылды. Олар: "I май", Молтов атындағы, "Тегістік", Андреев атындағы, "Октябрь", Ворошилов атындағы,"Интернационал", "Мақтажан", "Қазақ СССР-дің 15 жылдығы", "Социалист", "Еркінабад", "Алғабас", "Екінші бесжылдық"

Кеңес өкіметі кезіндегі Мырзашөл тарихы

Изображение
            Қазақстан ғылыми зерттеушілерінің Мырзашөл өлкесіне көңіл бөлмеуінің тағы бір себебі 1917 жылғы қазан төңерісінен кейін жүргізілген ұлттық межелену кезеңі тұсында Мырзашөлдегі қазақ жерлері талан-таражға түсті. Негізінен қазақтар тұратын бұрынғы Сырдария губерниясы таш-қазақ уезі Иіржар облысындағы Шыбынтай, Тарторғай, Майлыкөл, Құмтөбе, Рабат, және т.б орманды, тоғайлы жерлерде орналасқан төрт жүзге жуық шаруашылық 1924-1928 жылдар аралығында Өзбекстанның құрамына еніп кетті. Қазақ КСРО жоғары кеңесінің 1963 жылғы 26 қаңтардағы жарлығымен Мырзашөлдегі қазақ жерлері осылайша Өзбекстанға берілді. Бұл шешім КСРО жоғары кеңесінің төралқасының 1963 жылғы 19 қыркүйектегі казак КСРО мен өзбек КСР-нің шекарасына кейбір өзгерістер енгізу жөніндегі жарлығыме бекітілді. Соның салдарынан өз салт-дәстүрі сонау ерте заманнан бері келе жатқан әдебиеті, өнері, мәдениеті мен тарихы бар Мырзашөл қазақтары атамекендерінен бөлініп, Қазақстаннан ажыратылды. Өзбек КСР жоғары кеңесінің 1971 жыл