Мырзашөлді гүлдендірген ерен ерлер
«Бір кезде тың
адамдарды көтерді, адамдар тыңды көтерді» деген қанатты теңеу шыққан. Бұл сөз
мазмұнының бізге де қатысы бар. Өйткені, арғы апаларымыз Мырзашөлді игерсе,
соған белсене қатысса, сүйікті туған жер оларды да үлкен құрметке, биік
абыройға бөледі. Мысалы: 1957 жылы сол кездегі Ильич ауданының 16 еңбек озатына
бірден социалистік еңбек ері деген құрметті атақ берілді. Мұндай таңғажайып
оқиға кешегі кең байтақ одақтың көлемінде болмаған ерліктің, қайсарлық пен
қаһармандықтың құтты мекені деуге әбден болады. Мырзашөл тыңын игеру ешкімге
оңай болмағаны рас. Алып дала төсіндегі күре тамырдай болған бұрынғы Мырзашөл
қазіргі Достық каналын қазу қандай қиын болған. Осы өңірде маңдай терін төккен
35 жерлесімізге ең жоғары награда социалистік еңбек ері атағы берілді. 33 адам
депутат болды. Ш. Ділдәбеков пен М.
Кемел республика көлеміндегі депутаттығына 3 рет сайланды.
Канал ата-апаларымыздың маңдай терімен,
жүрек қанымен қазылғандықтан бізге аса қадірлі, қымбат. Осы дала төсінде маңдай
терін төккен.
Мырзашөл өңірін гүлдендіру ісіне әрі әр
жылдары бір қатар партия және кеңес қызметкерлері өз өмірін арнады. Олардың
арасында Ескендіров, И. Юсуфов, М. Шораев, М. Үмбетов, И. А. Пупашенко, Е.
Тосанбаев, И. К. Морозов, К. Ысқақов, С. Малдыбеков, У. Сүлейменов, А. Емешов,
Д. Әлжанов сондай-ақ мақталы өңірден ел басшыларымен бірге, қаламы өткір
жазушылар, қиялы жүйрік сазгерлер, айыр тілді ақындар да көп екенін айта кеткен
жөн. Мысалы: Қазақстан жазушылар одағын 10 шақты жыл басқарған Қалдарбек Найманбекті
кім білмейді десек, белгілі сазгер Мыңжасар Маңғытаев ағамыздың талантын бүкіл
одақ халқы мойындағаны да шындық.
Комментарии
Отправить комментарий