8 сынып физикадан олимпиада есептері

Маған физикадан 4 есеп келді. 4 есепке 3 сағат беріледі.
1-есеп. Дене биіктіктен құлай бастады. Белгілі бір уақыт өткенде ол h1=1100м биіктікте болды. Тағы t=10 с өткен кезде ол h2=120 м биіктікте болды. g=9.80 м/с. Барлық h биіктікті тап.
2-есеп. Бір ыдысқа температурасы 40*(градус) 1 саптыаяқ су құйылды, ал екінші бір ыдысқа температурасы 30* 4 саптыаяқ су құйылды. Екі ыдыстағы суды араластырғандағы температурасын анықтаңыз.
3-есеп. Цилиндр пішіндегі дене, өзінің көлемінің 80%-ымен суға батырыла отырып, вертикаль күйде суда жүзді. Егер денені толығымен батып тұратындай етіп, бензин қабаты құйылатын болса, онда дененің қандай бөлігі суға батырылады? ро(су)=1000 кг/м3, ро(бензин)=700 кг/м3
4-есеп. Кастрюлге температурасы t0=10* су құйып? плитаға қойған. Егер t=10 минуттан кейін су қайнаса, ол қанша уақытта толығымен буға айналады? r=2.26x10-ның 6 дәрежесі. c=4.18x10-ның 3 дәрежесі.
Мен бұл есептердің жауабын анық білмеймін. Сіздерге көмек болсын деп жазып жібердім. Сәттілік тілеймін!

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Жетісай, Асықата, Мырзашөл, Мырзабат сардобасы атауларының шығу тарихы

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы- РЕФЕРАТ