Сообщения

Сообщения за август, 2017

Жетісай, Асықата, Мырзашөл, Мырзабат сардобасы атауларының шығу тарихы

Изображение
Мырзашөл өңірі           Жетісай атауы Жетісай қаласында 7 сай болғандықтан шыққан делінеді.                                                                                                                     Ал Мырзашөл атауы былай шыққан: " Ертеде Мырзашөлдің үстінен керуен жолы өткен екен. Бір күні осы керуен жолынан өтіп бара жатқан адамдар ыстыққа шыдай алмай қатты шөлдеген екен. Сол кезде осы Мырзашөлде қарбыздар өсіп тұр екен. Адамдар оны көріп қуанып рахаттана жеп алыпты. Осыдан адамдар риза болып, бұл бізді шөлден аман сақтап қалды деп Мырзащөл деп атап кетіпті.                                          Қазақстанда керуен жолдарының бойында және көші-қон бағыттарында жолаушылар малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер сақталған. Мұндай құрылысты парсыша "сардоба" деп атайды. Ол құдық үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді. VI-IX ғасырларда салынған екі сардоба белгілі: Мырзабат сардобасы, Якка сар

Жетісай драма театры

Изображение
          Жетісай драма театры , Қ.Жандарбеков атындағы,  Оңтүстік Қазақстан облысының  Жетісай қаласында 1968 ж. халық театрының негізінде құрылған. Алғаш  Сырдария облысы  қазақ музыкалық драма театры ( Өзбекстан  Республикасы) деп аталды. 1969 ж. 18 қаңтарда Б.Майлин мен Е.Брусиловскийдің “Жалбыр” музыкалық драмасымен шымылдығы ашылды. Тұңғыш бас режиссері — Қ.Шанин, директоры — Т.Бәйімбетов. 1969 жылдан 2001 жылға дейін А.Оңалбаев бас режиссер болды. Театрдың негізін қалаушы өнер иелері: Өзбекстанға еңбек сіңірген артист Ж.Қарғабаев, Қазақстанның халық артист. Т.Қыстаубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген артист — М.Өтебаев, Ы.Иманқұлов, Ұ.Әкімова, т.б. 1969 — 71 ж. музыкалық театр, ал 1971 — 99 ж. музыкалық драма театр болып аталды. 1999 жылдан Жетісай драма театры болып аталады. Театр өзінің тарихындағы 32 маусым ішінде 100-ден астам спектакльдер қойды. Олардың ішінде М.Әуезовтің “ Еңлік — Кебек ”, “ Айман — Шолпан ”, Ғ.Мүсіреповтің “ Амангелді ”, Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың “

Үтіртөбе қаласының тарихы

Изображение
Еліміздегі  сондай  орта ғасырлық  қалалардың  бірі – Мырзашөл  өңіріндегі  Ұтырлы  (Үтіртөбе)  қаласы.  Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста , «Үтірлі» ауылынан солтүстікте 11 шақырым қашықтықта, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 шақырым қашықтықта, Сырдарияға құятын Сорөзек саласының жағалауында орналасқан Үтіртөбе қаласы Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласын Қазақстан археологтары зерттемеген. Оның басты себебі Мырзашөл өңірі, оның үлкен бір бөлігі – Мақтарал ауданы 1963-1971 жылдары Өзбекстан Республикасына қараған. Сондықтан да бұл аймақ өткен ғасырдың  60  жылдары  жүргізілген Шардара археологиялық экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалған. Бұл ортағасырлық қала тіпті, Қазақ Совет энциклопедиясы, Археологическая карта Казахстана (Алматы, 1960), Свод памятников истории и культуры Казахстана в Южно-Казахстанский область (Алматы, 1994) атты  іргелі басылымдарға да кірмей  қалған. Үтіртөбені ал

Бетпақдала бұл - Мырзашөл

        Мырзашөл – Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы  Оңтүстік Қазақстан облысы  жеріне кіреді. Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашөлдің абсолюттік биіктігі 150–250 м келген құм төбелі, белесті жазық. Климаты қуаң континенттік. Қысы жылы, жазы ыстық және ұзақ болады; ауаның орташа температурасы қаңтарда –2,1С,  шілдеде  27,9С. Жауын-шашын мөлшері 200–240 мм. Жер асты суының қоры мол (қ. Қызылқұм артезиан алабы). Негізінен сұр топырақты келеді, сортаңдау жерлері де кездеседі. Көктемде эфемерлік шөптесін өсімдік қалың өседі, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда жусан, жантақ тектес өсімдіктер сақталады.  Ақбөкен ,  қасқыр ,  түлкі ,  қарсақ ,  құмқоян , бауырымен жорғалаушылардың түрлері; құстардан қырғауыл, үйрек, бөдене, дуадақ, тағы басқа кездеседі. Мырзашөл өңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары  Түркістан  өңірін суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын едәуір ұлғайту мақсатында жүргізілген ирригациялық жұмыстардан басталды. 2-дүниежүзіл

Мырзашөл топонимі

           1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі баспасөз бен әдебиет шығармаларында «Мырзашөл» атауы сирек кездеседі, немесе ол «Бетпақ дала» деп аталады. «Дала уалаяты» газетінің 1898 жылғы 8-10 номерлерінде жарық көрген «Бетпақ дала һәм оның тұрасынан бұрынғыдан қалған сөз» атты тарихи мақаланы оқып көрейік. «....Сырдарияның моғол таудан өткен жерінде ағыны аса қатты, Сырдың  сол жағында Шырын-Фархад деген үлкен тарихи тау  бар. Сол арадан жоғары жағы сулы, һәм егінге жайлы, жері жақсы ара болып, бұрынғы заманда оны бақытты Ферғана деп атаған еді. Оның күнбатыс жағында егінге һәм өзге шаруаға жақсы Ташкент, Самарқанд жерінің екі арасында Мырза-Рабатқа қарай, Бетпақ дала күнбатыс жағында ұшсыз Қызылқұм деген құмға қосылады», - дейді газет тілшісі. Сонда «Дала уалаяты» газет тілшісінің «Бетпақ дала» деп жазып отырғаны – осы өзіміздің Мырзашөл. ХІХ ғасырдың басылымы жер атауын неге өз атымен жазбаған себептерін қазақ даласын жаулап алушы орыстардың ата-бабаларымыздың т

Мақтаарал ауданы

      Мақтаарал ауданы  —  Оңтүстік Қазақстан облысын да  орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік.  Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы -  Жетісай  қаласы.      Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минер