Бетпақдала бұл - Мырзашөл

       Мырзашөл– Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан облысы жеріне кіреді. Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашөлдің абсолюттік биіктігі 150–250 м келген құм төбелі, белесті жазық. Климаты қуаң континенттік. Қысы жылы, жазы ыстық және ұзақ болады; ауаның орташа температурасы қаңтарда –2,1С, шілдеде 27,9С. Жауын-шашын мөлшері 200–240 мм. Жер асты суының қоры мол (қ. Қызылқұм артезиан алабы). Негізінен сұр топырақты келеді, сортаңдау жерлері де кездеседі. Көктемде эфемерлік шөптесін өсімдік қалың өседі, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда жусан, жантақ тектес өсімдіктер сақталады. Ақбөкенқасқыртүлкіқарсаққұмқоян, бауырымен жорғалаушылардың түрлері; құстардан қырғауыл, үйрек, бөдене, дуадақ, тағы басқа кездеседі. Мырзашөл өңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары Түркістан өңірін суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын едәуір ұлғайту мақсатында жүргізілген ирригациялық жұмыстардан басталды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мырзашөл өңірінде Шардара бөгені, Қызылқұм суару жүйесі сияқты жасанды айдындар іске қосылды және бұлардың негізінде Мырзашөл суару-суландыру жүйесі қалыптастырылды. Мырзашөлдегі Мақтаарал, Шардара аудандары республикадағы мақта өсіруші басты алқаптардың бірі.

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Жетісай, Асықата, Мырзашөл, Мырзабат сардобасы атауларының шығу тарихы

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы- РЕФЕРАТ

8 сынып физикадан олимпиада есептері