Мырзашөл топонимі

          1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі баспасөз бен әдебиет шығармаларында «Мырзашөл» атауы сирек кездеседі, немесе ол «Бетпақ дала» деп аталады. «Дала уалаяты» газетінің 1898 жылғы 8-10 номерлерінде жарық көрген «Бетпақ дала һәм оның тұрасынан бұрынғыдан қалған сөз» атты тарихи мақаланы оқып көрейік. «....Сырдарияның моғол таудан өткен жерінде ағыны аса қатты, Сырдың  сол жағында Шырын-Фархад деген үлкен тарихи тау  бар. Сол арадан жоғары жағы сулы, һәм егінге жайлы, жері жақсы ара болып, бұрынғы заманда оны бақытты Ферғана деп атаған еді. Оның күнбатыс жағында егінге һәм өзге шаруаға жақсы Ташкент, Самарқанд жерінің екі арасында Мырза-Рабатқа қарай, Бетпақ дала күнбатыс жағында ұшсыз Қызылқұм деген құмға қосылады», - дейді газет тілшісі. Сонда «Дала уалаяты» газет тілшісінің «Бетпақ дала» деп жазып отырғаны – осы өзіміздің Мырзашөл. ХІХ ғасырдың басылымы жер атауын неге өз атымен жазбаған себептерін қазақ даласын жаулап алушы орыстардың ата-бабаларымыздың төріне орнығуы және өз елімізде зерттеу жұмыстарының нәтижесінде туған еңбектері орыс тілінде ғана жазылып, жер-су атаулары соған икемделе қағазға түсірілуне байланысты. Сондай-ақ, мұндай жансақтық 1917 жылғы Қазан төнкерілісінен бұрынғы генерал губернаторлардың тілмаштары қолдарындағы орысша жазбаларды қазақ тіліне ұғынықты етіп аударуға көбірек көңіл қойып, негізгі түп-нұсқалық атаулардың айтылуы және жазылу ерекшеліктерін ескере бермеуінен жіберген секілді.  Генерал-губернатор тілмаштарының ойына Мырзашөл сөзі түспей «Бетпақ дала» дегенді оңай көргені болмаса, «Дала уалаяты» газетінде аудармасы басылған «Исторический  вестник» журналының 1897 жылғы қараша айындағы номерлеріндегі П. П. Шубинскийдің бұл мақаласында осы өңірде өткен тарихи оқиғалар тартымды сүреттелген. Ал, жер атауын дәл жазып, анық айту жағынан «Түркістан уалаяты» газеті ұқыптылық көрсеткені байқалады. Бұл басылым «Дала уалаяты» газеті сияқты жер атауын «Бетпақ дала деп жалпылама сипаттай салмай, «Шыназ бен жазықтың арасындағы шөл», - деп нақты елді мекендерді атап көрсетеді. Тіпті шөл жерлерді суландыру үшін арық қазып жатқан жұмысшылардың саны айтылған газеттің 1878 жылғы 19 желтоқсандағы 16 номерінде жарық көрген мақалада «Мырзашөл» атауы айқын жазылған[4,546-548].
            Әрине, жоғарыда көрсетілген «Исторический вестник», «Дала уалаяты» газеті сияқты патша өкіметі тұсында жарық көріп тұрған басылымдардағы орыс оқымыстыларының ғылыми зерттеулерінде, Мырзашөл аймағының ерте уақыттарда игерлуі туралы деректердің тарихи тұрғыда өте құнды екендігінде дау жоқ. Әйтсе-де, Сырдың орта ағысында жатқан Мырзашөл мен Қызылқұм қазақтардың ежелгі өмірі, ары кеткенде Ақсақ Темірмен, Бұқар ханы Абдулламен ғана байланыстырылады. Бұл толық емес, жарым-жартылай ғана айтылған тарих. Ал, айқын ақиқатты жазушы Мұхтар Мағауиннің еңбектерінен табамыз. ХІІІ ғасырдың 40 жылдарында қалыптасқан алтын Орданың шығыс бөлігі Көк Орда деп аталып, қазіргі Қазақстан аумағын қамтиды. Көк Орданың астанасы – Сығанақ қамалында орналасты. Осынау байырғы мемлекеттің оңтүстік бөлігі Сырдариямен шектеліп жатты десек, Мырзашөл даласы да Көк Орданың құрамына енгені сөзсіз. Көк Орда хандарының әділеттерінен шығып, бүкіл Алтын Орда билеушілердің бірі – Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темірдің арасындағы жойқын соғыстар кезінде біз Сырдария өңірінен айырылған едік», - деп жазады Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі атты еңбегінде[5]. Ал Тоқтамыс ханнан кейін таққа отырған Барақ пен Ақсақ Темір ұрпақтарымен, оның ішінде Ұлықпекпен оның інісі Мухаммед Жәукені женіп, Сыр бойын қайтарып алады. 1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда да, олардан кейін билік еткен Бұрындық хан тұсында да қазақтар Сыр бойына қоныстанған.
            1560 жылдары Қазақ хандығының билеушісі Хақ Назар Бұқар мемлекетінің билеушісі Абдулла ханға қарсы осы аймақ үшін күрес жүргізеді. Алайда,  Хақ-Назар мерт болып, оңтүстік өңір Абдулла ханның қол астында қалады. 1598 жылдың ақпан айының соңында Тәуекел хан Сырдарияның екі жағынан бүкіл атырабымен Қазақ хандығына қаратып, Абдулла ханды ойсырата жеңеді. Ежелгі түрік жұртының Алтай тауынан соңғы Ұлы анасы – Сырдария алқабы болтын. Суы мол, топырағы құнарлы, байсын өңір. Дарияның екі жағасы – қалың тоғай, ну қамыс. Бүкіл Қазақ хандығының жазғы жайлауы Арқа бетте болса, Сыр бойы, оның пішені мол, ықтасын ұйықтары қысқы қыстау болатын. Қазақты қазақ қылған мыңғырған мал басы осы Сыр бойында еселеніп өсетін... Сырдарияның екі жағасына берік орналасқан ол бар мұратын табар еді. Қазақ халқында басқа мекен-қоныс болмаса, тек Сырдария бойында ғана отырып, хандық тігуіне, іргелі ел болуына мүмкіндігі жетер еді. Ал осыншама құтты сыр бойы – Тәуекел ханның ұлы жеңісі арқасында қазақ халқының мәңгілік мекеніне айналған байтақ өңірдің бір бөлігі ғана болатын», - дейді Мұхтар Мағауин[6,24].
            1603 жылы Ташкент уалатындағы қазақ әміршісі Келді-Мұхамед сұлтан мен Бұқар ханы Баки-Мұхамедтін әскерлері қатысқан бірінші қазақ-бұқар соғысы Ташкент пен Самарқандтың аралығындағы Айғыр-жар деген жерде өткен. Осындағы Айғыр-жар деп отырғанымыз – Сыр бойындағы Иіржар жазығы да болуы мүмкін. 1869-1917 жылдары патша өкіметінің арнайы экспедициялары бұл аймақты әбден зерттеп, жер-су атауларының барлығын қағазға түсіргені белгілі. Тәуекел хан мен Абдулла ханды ұмытпаған қазақ Айғыр-Жар деген жер атауы туралы да орыс ғалымдарына мәлімет беруі тиіс еді ғой. Ал, зерттеушілер Ташкент пен Самарқандтың аралығында жатқан Иіржар алқабын қағазға түсірген. Оның үстіне Бұқаралық немесе Қоқандық тарихшылар араб әрпімен қағаз бетінде қалдырып кеткен Иіржар деген жазудың Айғыр-Жар деп басқаша аталуы да мүмкін. Өзбекәлі Жәнібеков осы өлке жайлы была дейді: «Бетпақ даланың Иіржар алқабын мелиоративтік және су шаруашылық жағынан игеру Қазақстанның Аүлесіне тиген болатын». Бұл өңір үшін күрес ғасырлар бойына ұласты. Әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алакөл – сұлама кезеңінде, 1725 жылдан кейін халқымыз Оңтүстік өңірден айырылды. Абылай ханның тұсында 1765 жылдары Оңтүстіктегі Атамекен қазақ хандығына қаратылғанымен, ол қайтыс болған сон күн шуақты бұл аймақ Сыр бойын қоса түгелдей Қоқан және Бұқар хандықтарының таластырмас жеріне айналды. Мырзашөл аймағын патшалық Ресей толығымен өзіне қаратып алған 1866 жылға дейін Иіржар, Жетісай қазақтары Бұқар хандығының қанды уысында болып келген еді[7,18].
             Сонымен, Мырзшөл даласының байырғы тұрғындарын қазақтар құрады. Зерттеуші Сакен Сабанбаевтың мәліметі бойынша, «қазақ қоңыраттары еліміздің қиыр оңтүстігінде, яғни сонау Мырзашөлден бастап, мына Бетпақ далаға дейінгі өңірге шашырай қоныс тепкен»[8,59].
            Мырзашөл аймағындағы ежелден-ақ елдің есінде ұмытылмай келе жатқан тарихи атаулардың бірі – Жетісай. Өкінішке қарай, Жетісай атауы туралы осыған дейін жария етіліп жүрген пікірлер ғылыми тиянағы, біліктілігі мен дәлелі жоқтығынан оқшауланып келеді. Мысалы, 1996 ж. «Ана тілі» баспасынан жарық көрген жазушылар Мархабат Байғұт пен Әлібек Файзуллаев әдеби нұсқасын жасаған «Қазыналы қара шаңырақ» атты дерекнамалық баянның 37-ші бетінде: «Жалпы, Жетісай өңірін халық Киров каналының қазылуына орай 40-шы жылдардан кейін мекендей бастағандықтан, негізінен, жер-су атауларына байланысты аңыз-әнгімелер көп сақталмаған. Ал, Жетісай атауының шығуын жұрт аудан төңірегіндегі жеті саймен байланыстырады. Олар Сардоба, Оңтүстік Қараой, Батыс, Жер және Тоғай мен Еңбек. Алайда, екінші бір деректе бұл жайлы басқаша түсіндіріледі. Соғыстан кейінгі жылдары Киров каналына су келген соң Көкшетаудан осы өңірге 5 колхоз көшіп келіпті. Соның ішінде «Жетісай» деген ұжымшар бар екен. Кейін сол манда базар ашылады да, «Жетісай базары» деп аталып кетеді. Сөйтіп, «Жетісай» атауы содан қалыпты-мыс»,- деп жазылған. Яғни, авторларға сенсек, Жетісайда бұрын жергілікті жұрт тұрмаған, сондықтан Жетісай атауын да бұл жерге күні кеше көшіп келген халық қолдан жасаған, немесе Көкшетаудан қоңыс аударған ел өздерімен бірге алып келген[9,26].
            Ал тарихи шындық бұл тұжырымды мүлдем теріске шығарады. Патша үкіметінің күшімен Мырзашөл даласын игеріп, суландыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан тұста, 1886 жылдың сәуір айынан бастап Ресейдің билеуші императорының тікелей рұқсатымен ұлы мәртебелі князь Николай Констпнтинович Романовтың өз жеке қаржысымен ескі Орынбай арығының бойымен Дариядан Жетісай сайына су жеткізу үшін көп тер төккенін дәлелдейтін мұрағат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Туркестанские ведомости» газетінің 1912 жылғы 14 желтоқсандағы 23 номерінде жарық көрген Большаков деген автордың Мырзашөлдегі суландыру жұмыстарының тарихи баяндалатын мақаласында да Жетісай атауы бірнеше рет аталады. ХХ ғасырдың басындағы орыс зерттеушілерінің Жетісай жайындағы ойларын сол мақаладан үзіндіні түпнұсқалық тілде келтірейік.
            «По рельефу всей поверхности голодная степь делится двумя продольными логами, Ширузяк и Джетысай его продолжением Карой на три отдельные части: южную, северную и восточную. Каждая из этих частей для своего орошения требует отдельной оросительной системы, а дальние логи удобно используются под главные водосбросные каналы. Для орошения самого высокого Южного водораздела, общей площадью до 345 тыс. десятин, расположенного у подошвы Туркестанского хребта и ограниченного с Севера логом Джетысай, в будущем потребуется устроить особенный высокорасположенный южный канал с пропускной способностью до 15 куб. сажен... Северный водораздел, как было упомянуто, ограничен с севера Сырдарьей, с востока – Ширузякским логом, с юга – логом Джетысай и его продолжением озером Сардоба и урочищем Карой, с запада – громадным древним руслом Арна (Арнасай) или Кизилдария. В этих пределах заключается, как уже сказано, до 230 тыс. десятин. Из этих тугайных земель до 34 тысяч десятин», - дейді орыс зерттеушісі Большаков[10,27].
            Түркістан генерал-губернаторлығының жерге орналастыру және жер игеру Бас басқармасына Қоныс аудару басқармасының Статистикалық комитеті 1911-1913 жылдағы Мырзашөл көшпелі қазақтардың шаруашылық және жер пайдалану жағдайына егжей-тегжейлі зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесінде экспедиция мүшелері Жетісай жазығына да ерекше назар аударған.
            «В восточной части равнины – в Голодной степи, а также и в Кызылкумах встречаются довольно значительные понижения, в виде озероводных впадин или ясно выраженного русла, каковы, Сар-Узяк, Джетысай, Сардоба, Карой, Джалпак-Сор и другие. Весной и осенью они являются часто в виде озер, а летом совершенно пересыхают и покрываются коркой солей»... На середине пути между ст. Голодная степь и ст. Черняева, в пределах площади 1, начинается широкое понижение Джетысай. Понижение Джеты-сай имеет преобладающее направление с юго-востока на северо-запад, оно вдается с другими понижениями, как Сардоба, Карой и прочие. Водные потоки стекающие с Туркестанского хребта, приближаясь к Джеты-саю, утрачивают свою разрушительную скорость и, не доходя до общего его понижения, образуют в окружающих ложбинах массу луж и отлагают в этих местах слои тонкого ила...Понижение Джеты-сай со всей прилегающей к нему местностью совершенно выделяется на общем фоне преобладающих в этом районе разнообразных суглинков, так как залегающими здесь почвами являются различные слоистые глины, перемещающиеся с крупнозернистыми песками.  Центральная часть Джеты-сая покрыта многочисленными, длинными, вытянутыми по его оси, песчаными гривами...», - деп Қоныс аудару басқармасының экспедициясы Жетісай туралы жан-жақты ғылым анықтама береді[11,29].
            Жоғарыдағы келтірілген үзінділер, сілтеме жасалған еңбекке қосымша ретінде берілген Мырзашөл даласының картасында ап-анық көрсетілген Жетісайдың орналасу орны да қазіргі мекен-жайымен дәл келеді. Біз патшалық Ресейдің тұсында жарық көрген еңбектерге ғана жүгініп отырмыз. Ал, шындығында осы аймақтағы Мырзшөл, Иіржар, Асық ата, Ұзын ата сияқты тарихи атаулар  Жетісай атауының шығу төркіні де ежелгі заманның тереңінен тамыр тартып жатқаны сөзсіз. Оны әлі-де айқындай түсу үшін тек 1917 жылға дейін патшалық Ресей тұсында басылған орыс тіліндегі ғылыми зерттеулермен шектеліп қалмай, Бұқар және Қоқан хандықтары тарихшыларының шешен-ғалымдрының араб, парсы т.б. тілдерде жазылған жылнама, шежірелері терең зерттелуі қажет. Қазақстан ғалым зерттеушілерінің Мырзашөл өңіріне көңіл бөлмеуінің тағы бір себебі – 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін жүргізілген ұлттық межелену кезеңі тұсында Мырзашөлдегі қазақ жерлері талан-таражға түсті. Негізінен қазақтар тұратын бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезі, Иіржар болысындағы Шыбынтай, Торғай, Майлыкөл, Құмтөбе, Рабат және тағы басқа орманды-тоғайлы жерлерде орналасқан 400-ге жуық шаруашылық 1924-1928 жылдар аралығында Өзбекстанның құрамына еніп кетті. Бұл әділетсіздікке шыдай алмай, ел азаматтары Қазақ облыстық атқару комитетіне дейін өтініш айтып, шындықты іздеді. Оның үстіне, 60 жылдардың бас кезінде Мырзашөлдегі қазақ жерлері тағы да бөлініске түсті. Халыққа аса қажетті мақта дақылын өсіруді бір орталыққа жинақтау ауыл шаруашылығын өркендеуге көмектеседі деген сылтаумен өктем орталық  Өзбекістанға сол кездегі Мақтаарал, Киров, Ильич аудандарын, оларға қарайтын 27 шаруашылықты, жүзім өңдіретін бір шаруашылықты, қаракөл қойын өңдіруге арналған «Қызылқұм» және «Шымқорған» ірі шаруашылықтарын беріп жіберді. Жалпы Өзбекістанға өткен жер көлемі бір миллион гектарға, оның ішінде егіндікке жарамды жер аумағы 200 мың гектарға жуықтады[12,119].    
            Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің 1963 жылғы 26 қантардағы Жарлығымен Мырзашөлдегі қазақ жерлері осылайша Өзбекістанға берілді. Бұл шешім КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 19 қыркүйегіндегі «Қазақ КСР мен Өзбек КСР шекарасына кейбір өзгерістер енгізу жөніндегі жарлығымен бекітілді. Соның салдарынан өз салт-дәстүрі, сонау орта заманнан келе жатқан әдебиеті, өнері, мәдениеті мен тарихы бар Мырзашөл қазақтары атамекендерінен бөлініп, Қазақстаннан ажыратылды. Арада 10 жылға жуық уақыт өткен соң ғана әділеттілік қалпына келтіріліп, жергілікті халық тілегі қанағаттандырылғандай болды. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің 1971 жылғы 11 мамырдағы және  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1971 жылғы 12 мамырдағы «Өзбек КСР Сырдария облысының құрамында болған Мақтаарал, Жетісай және Киров аудандары сол кездегі шекаралары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына қайтырылып берілді[13]. Өкінішке қарай үш аудан өзімізге қайтарылғанымен, қазақ халқына тиесілі 10 шаруашылық сонда қалып қойып, бүгінде сол жерлердің есебінен 5 аудан, 50 шаруашылық ашылып, атамекеннің бір бөлігінен айырылып қалды

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Жетісай, Асықата, Мырзашөл, Мырзабат сардобасы атауларының шығу тарихы

Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы- РЕФЕРАТ

8 сынып физикадан олимпиада есептері