Кеңес өкіметі кезіндегі Мырзашөл тарихы
Қазақстан ғылыми зерттеушілерінің Мырзашөл өлкесіне көңіл бөлмеуінің тағы бір себебі 1917 жылғы қазан төңерісінен кейін жүргізілген ұлттық межелену кезеңі тұсында Мырзашөлдегі қазақ жерлері талан-таражға түсті. Негізінен қазақтар тұратын бұрынғы Сырдария губерниясы таш-қазақ уезі Иіржар облысындағы Шыбынтай, Тарторғай, Майлыкөл, Құмтөбе, Рабат, және т.б орманды, тоғайлы жерлерде орналасқан төрт жүзге жуық шаруашылық 1924-1928 жылдар аралығында Өзбекстанның құрамына еніп кетті. Қазақ КСРО жоғары кеңесінің 1963 жылғы 26 қаңтардағы жарлығымен Мырзашөлдегі қазақ жерлері осылайша Өзбекстанға берілді. Бұл шешім КСРО жоғары кеңесінің төралқасының 1963 жылғы 19 қыркүйектегі казак КСРО мен өзбек КСР-нің шекарасына кейбір өзгерістер енгізу жөніндегі жарлығыме бекітілді. Соның салдарынан өз салт-дәстүрі сонау ерте заманнан бері келе жатқан әдебиеті, өнері, мәдениеті мен тарихы бар Мырзашөл қазақтары атамекендерінен бөлініп, Қазақстаннан ажыратылды. Өзбек КСР жоғары кеңесінің 1971 жылғы 11-мамырдағы өзбек КСР-нің Сырдария облысын бір азғантай бөлшегін қазақ КСР-нің құрамына қосу жөніндегі жарлықтары бойынша оған дейін Өзбекстанның Сырдария облысының құрамында болған Мақтаарал, Жетісай, Киров аудандары сол кездегі шекаралар бойынша Қазақстанның ОҚО-ының құрамына қайта берілді.

Комментарии
Отправить комментарий