Алғашқы шаруашылықтар
Түркістан Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен 1921 жылы Мырзашөл суландыру жүйесін пайдалану жөніндегі арнайы басқарма құрылды. Жағдай өте ауыр болып, адамдар арасында түрлі аурулар таралып, ахуалды одан әрі қиындатты.
Мемлекетте жүргізілген жаңа экономикалық саясатқа байланысты 1922 жылы Мырзашөл өңірінде игеріліп жатқан жаңа жерлерді жалға алуға рұқсат етілді. Жерді жалға алу мемлекеттік-кооперативтік және жеке меншік болып бөлінді.
Отызыншы жылдар ауылдарда колхоздардың күрт өсуімен сипатталады. Иіржар (Мақтаарал) ауданындағы К-38 су реттегіші төңірегінде ауылшаруашылығы және суармалы жерлердің игерілуі нәтижесінде 1929 жылға дейін 14 колхоз құрылды. Олар: "I май", Молтов атындағы, "Тегістік", Андреев атындағы, "Октябрь", Ворошилов атындағы,"Интернационал", "Мақтажан", "Қазақ СССР-дің 15 жылдығы", "Социалист", "Еркінабад", "Алғабас", "Екінші бесжылдық", "Земля и труд" жеріндегі учаскелерде 9 колхоз орналасты. Олар: "Прогресса", "Үлгілі", "Ахунбабаев" атындағы, "Өрнек", "Советтік Персия", "Қызылабад", "Саккои Ванцетти" атындағы, "Еркіншілік", "Диқан", 1939 жылы Мақтаарал ауданында Қоңырат агроучасткесі базасында жаңадан Мақтаарал МТС-і құрылды. Оның алғашқы директоры болып Өтепбергенов тағайындалды. Кейінірек әр жылдары бұл мәні мен маңызы зор машина-трактор станциясын Сұлтанов, Корельков, Исмайлов, Д. Куколь-Яснопольскии, Вядро және Волошин деген азаматтар басқарды. Бұл кезде шаруашылыққа жеті алқапты ауыспалы егіс әдісі енгізілді. 1925 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша 137025 пұт және 3 фунт мақта жиналды. 1928 жылы шаруашылықтың жер көлемі 11398,08 га болды. Сол жылдан бастап бір мезгілде 3271 тонна мақта өткізе алатын мақта тазалау зауыты жұмыс істеуге кірісті.

Комментарии
Отправить комментарий